Accessibility links

СПИД-пен ауырғандар үшін қайырымдылық шаралары өткізілмек


Әлемде 1 желтоқсан Бүкіл дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні өткізіліп келеді. ВИЧ нинфекциясы Қазақстанның барлық облыстарында тіркелген. Республикалық СПИД-пен күрес орталығының деректері бойынша қазір Қазақстандa 3 мың 838-ден аса адам осы ауруды жұқтырған. Алайда сaрапшылар дерегі бойынша СПИД-ке шалдыққандар саны әлдеқайда көп. Ең жоғары көрсеткіш Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматыда анықталуда.

Спид індетін жұқтырғандарды кемсіту, құқықтарын аяққа таптау мәселесі де үлкен ой тудыруда. Кейде ВИЧ жұқтырғандарға медициналық көмек көрсетуден, жұмыс, пәтер беруден бас тарту жағдайлары орын алатыны белгілі. Олардың көбі бұған кінәлі еместігі айтылып келеді . Бұл жөнінде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Айқан Ақанов айтып өтті: “…Бұл істегі қолға алынар шара – адамдардың көзқарасын өзгерту. СПИД мәселесі тек медициналық проблема ғана емес, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтік, заңнамалық шаралармен де тығыз байланысты екендігі айтылуда.”

Осындай мәселелер өздерін толғандырған Қазақстандағы кейбір өнер саласының адамдары қайырымдылық шараларын өткізуді ұйғарып отыр. Осыған орай 23 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Құштарлық періштелері» атты қойылым-мюзикл көрсетіледі. Бұл қайырымдылық акциясы Қазақстан жастарының назарын ВИЧ/СПИД проблемаларына аудару болып отыр.

Осы шара жөнінде жұма күні Қазақстандағы белгілі өнер шеберлері Ерлан Көкеев, Аида Аюпова және басқалар қайырымдылық концертін өткізіп, спектакль қоятындықтарын айтты.
XS
SM
MD
LG