Accessibility links

Италия полициясы Солшыл қызылдар бригадасының мекеніне жасалған жорық кезінде көп көлемдегі жарылғыш заттар жасырынған қойманы тапқандарын мәлімдейді.


Барлығы 100 килограмдай жарылғыш зат және 200 килограмдай детонатор Римнің орталығындағы бір үйден табылған. Полиция басқадай бірқатар заттарды да тәркілеген. Қызыл бригадашылар 1999-2002 жылдар аралығында Италияның Еңбек министрлігінің екі шенеунігін өлтірді деп күдіктеледі. Сондай-ақ 1970-80 жылдар Италияда болған бірқатар бомба жарылыстары сияқты қастандық әрекеттеріне де қатысты деген күдік те бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG