Accessibility links

Кегок ААҚ 2003 жылдың жұмысын қорытындылауда

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Биылғы жыл соңына дейін Қақақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 62 млрд кВт. сағат деңгейінде болады. Бұл 2002 жылға қарағанда жеті процентке жоғары. Қазip электр қуатын өндіру - 63,6 млрд. кВт сағат, яғни 2002 жылдағыдан 9,3 процентке артық. Экспорт 4,1 млрд. кВт сағатқа жеткен, яғни 1,6 есе көп.

Дүйсенбі күні «Кегок» ААҚ-ның үстіміздегі жылы атқарған жұмыстарын алдын ала қорытындылау барысында осындай мәліметтер келтірді. Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы алдағы жылға деген бағыт-бағдарын, алға қойған мақсаттарын журналистер алдында баяндады.

- 2004 жылы компания Қазақстанның Солтүстік-оңтүстік электр желілерін тартудың екінші тізбегінің құрылысын жүзеге асырмақ. Бұл Екібастұздан Жамбыл облысының Шу қаласына дейін тартылады. Келесі жылы, сондай-ақ, 10 млрд. теңге қаржы игеріліп, ұлттық электр желілерін жаңарту шаралары жүзеге асырылады. Сонымен қатар электр қуатын экспорттау арта түспек. Айталық, биыл экспорт деңгейі 4,1 млрд теңге болса, ол алдағы жылы 5 млрд тегеден асады деген болжамымыз бар, - деді Кегок ААҚ президенті Қанат Бозымбаев.

Қазақстандағы электр қуатын өндірудің жай-күйі мен болашағына компания вице-президенті Есберген Әбітаев та тоқталып өтті.

Қыста электр қуатын пайдалану екі есеге артады. Сондықтан қуат өндіру барысында жұмыс ауқымы артып, электр тарату желілеріне үлкен күш түсу салдарынан апатты жағдайлар да орын алатыны сөз болды. Кегок ААҚ вице-президенті Есберген Әбітаевтың айтуынша ондай жағдайлар ұшырасқан.

Компания электр энергиясын өндіруде әсіресе Екібастұз ГРЭС-індегі қуат көздерінің көршілес өзге елдерге қарағанда арзан екені сөз болды. Кегок басшыларының айтуынша жалпы алғанда, Қазақстан электр қуатын өндіріп тарату барысында ТМД елдері ішінде алдыңғылар сапында көрінеді.
XS
SM
MD
LG