Accessibility links

Үш адамды өлтірген қылмыскер ұсталды

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Алматы облыстық полиция қызметкерлері бір әйел мен екі бірдей жас баланы өлім құштырған Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында 1981 жылы туған қылмыскерді ұстады. Бұл туралы «Азаттық» радиосына Алматы облыстық ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Баспасөз қызметкері Мира Досанованың айтуына қарағанда, оқиға үстіміздeгі жылдың 23-қазанында орын алған көрінеді:

- Қазанның 23-і күні 22 жастағы қылмыскер 1977 жылы туған әйелді екі баласымен қосып өлім құштырған. Медициналық сот сараптау қорытындысының мәліметіне қарағанда, қылмыскер алдымен әйелді зорлап артынан ұрып өлтірген. 7 жасар бала далаға қашпақ болғанда оны пышақтап өлтірген. 3 айлық сәби өртеніп кеткен.

Талдықорғандағы жекеменшік жай үйлердің бірінде өрт шығып, оны сөндіру барысында 26 жастағы әйел мен оның 3 айлық және 7 жасар баласының өлі денесі табылған. Мәйіттер қатты күйікке шалдыққандықтан полицейлер өлімнің себебін оқиға орнында анықтай алмаған. Сөйтіп, облыстық полицияның қызметкерлері қылмыскерді табуға жұмылдырылған. Нәтижесінде арада 1,5 ай уақыт өткенде күдікті үсталып, ол өзінің кісі өлтіргенін мойындаған. Бірақ ол үйдің өртенуіне жанып тұрған шам себепкер болған деген жорамал айтып, ат-тонын ала қашқан. Оның айтуынша, сол күні сылқита арақ ішіп алған ол бұрындары жүз шайысып, сөзге келіп қалған әлгі үйдің иесінен өшін алуға барыпты. Ал өрімдей сәбилерді өлтіру себебін ол ұл бала қашуға әрекет жасағандықтан пышақтап өлтірдім десе, кішкентай нәресте туралы ұмытып кеттім деп жауап берген көрінеді.

Қазір аталган іс бойынша тергеу ісі жалғасуда.
XS
SM
MD
LG