Accessibility links

Қазақстан мен Моңғолияның үкіметі басшыларының кездесуі


Қазақстан Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Санжбэгз Томор-Очирмен кездесті

Қазақстан-Моңғол парламентшілерінің өзара қарым-қатынасы, тұрақты комитеттерді, парламентаралық топтарды қоса алғанда, тіпті парламент аппаратының секретариат сияқты барлық деңгейде де дамуы қажет.

Желтоқсанның 22-і күні Қазақстан Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездесу барысында Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының төрағасы Санжбэгз Томор-Очир осылай деп мәлімдеді.



Санжбэгз Томор-Очир мырза, алдағы жылдың 15-ші қаңтарында болатын үкіметаралық комиссияның отырысында екі жақты экономикалық қарым-қатынастарды жақсартатын нақты нәтижелер болады деген пікірде. Кездесу барысында мейман екі жақты сауда қарым-қатынасының бәсеңдеп кеткеніне маңыз аударды.

Үш жылда Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы 915 заңдар мен қаулыларды бекітіпті. Оның 107-сі дербес заңдар, 88-і келісімдер мен конвенциялар, ал 385-і заңдарға өзгертулер мен толықтырулар екен. Бекітілген заңдардың 41,8 пайызы экономика, қаржы және бюджет, ал 21,3 пайызы ұлттық қауіпсіздікпен сыртқы саясат мәселелеріне қатысты болған.



Моңғолияның Ұлы мемлекеттік Хуралының төрағасы Санжбэгз Томор-Очир мырза желтоқсанның 23-і күні Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен кездеседі.
XS
SM
MD
LG