Accessibility links

Солтүстік Африкадағы 5 ел мен Орта Азиядағы 5 республика

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Солтүстік Африкадағы 5 және Орталық Азиядағы 5 республикаға ортақ жалпы белгі, қасиет, қадриеттер бар.

Бұл он мемлекеттің бәрі - Ислам дінді мұсылман елдері, діни әсірешілдік қаупі төнген аймақ, сондай-ақ аутаритарлық режим билеген және адам құқықтары жиі бұзылатын аймақ есептеледі. Солтүстік Африкадағы сол 5 мұсылман елінің Мағриб деп аталатын одағы осы аптада Алжирде Алқалы жиын өткізбек.

Солтүстік Африкадағы 5 мұсылман елі Мавритания, Мaрокко, Тунис, Ливия және Алжирді әдетте бір сөзбен Мағриб республикалары деп атайды. Сол Мағриб мемлекеттері, өткен ғасырдың 2-жартысында, негізінен, Франция және Италияның үстемдік билігі қол астында болған. Осы кезге дейін аутаритарлық режимде тіршілік-өмір сүріп келе жатқан бұл елдерде демократияның аулы әлі алыстау.

Алжирде 90-жылдардың ортасында болған діни қақтығыста, үкіметтің ісләмшіл әсірешілдерге қарсы жүргізген күрес науқаны кезінде 150 мыңдай адам қаза тапқан. Сондықтан Mағриб елдерінде әсірешілдіктің үрейі осы кезге дейін сейіле қоймаған.

Ал Тунистен өзге елдерде экономика да оңып тұрған жоқ. Джейнс әскери баспа тобынан Мағриб елдері бойынша аймақтық талдаушы Дж. Бинни бұл жөнінде былай дейді:

- Бір топ генералдардың демократия деп жасап жүрген ойын-шоуларын айтпағанда, Алжирдегі экономикалық жағдай аса ауыр. Сондықтан, бірер саяси, әсіресе, экономикалық реформа болмаса Алжирдегі билік басындағы топқа қарсы оппозиция күшеюі мүмкін.

Міне енді, желтоқсанның 23-24 күндері, экономикалық дағдарыстан тезірек шығу мақсатында, Mағриб елдері Алжирде бас қосып, еркін сауда аймағын құру мәселесін талқыламақ. Бұл арада Тунис, Алжир және Мaроккoға АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел сапар шегіп, ол елдердің терроршылықпен күрестегі өзара ынтымақтастығын қолдап, қолпаштап қайтты. Бірақ дегенімен хатшы ол елдерде адам құқықтары мәселесінің де бар екендігін жасырмады.

Бір қызығы, АҚШ-тың, терроршылықпен күрес және демократияны дамыту мәселесінде, Орта Азиядағы 5 ел - Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстанға деген көзғарасы, мүдделері де Mағриб саясатына өте ұқсас. Бір ғана ерекшелік, орта азиялықтар - Ауғанстан, Пәкістан, Иран сықылды діни қақтығыс пен тартыстардан құтыла алмай келе жатқан аса қауіпті аймақпен шегаралас. Дегенмен, келесі бір талдаушы Александр Ватанканың пікірінше, орта азиялықтар діни экстремизм қаупімен күресте бір шама табысқа ие.

- Ферғана алқабын, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын, Қырғызстан немесе Тәжікстанның кейбір аудандарын алыңыз. Бұл жерлерге радикалды ісләмшілдік көзғарастағы көптеген қауым қызықпай тұралмас. Бірақ бұл жақтағы жағдай Морокко, әсіресе Алжирде бір неше жыл алдын болған діни экстремистік шайқастармен салыстыруға келе қоймас, - дейді Ватанка.

Ватанканың айтуынша, экономикалық жағдайдың түзелуіне орай, Орта Азиядағы экстремисттік әрекеттер де азая түсуде.

- Қазақстанда соңғы екі жылда ішкі жалпы өнім бірден екі сыфырға, мысалы, өткен жылы 11 пайызға өскен. Рас, бұл өсу өте төмендік деңгейден басталды, бірақ жылдам қарқынмен жүрді. Оған алдымен, мұнай-газ секторындағы инвестиция ықпал жасады. Міне сондықтан да Қазақстандағы айтарлықтай дұрыс тұрмыстық ақуалға орай жұрт ісләмшілдік әсірешілдік идеаларына беріле қоймады. Тоқ етері, бар әңгіме экономикалық жоғары табысқа жетуде болып тұр, - дейді Александр Ватанка.

Орта Азиядағы көпшілік елдер Батыстан келетін ондай инвестицияны өзіне тарта алмай отыр. Мысалы, Түрікменстан батыстық инвестициядан бас тартып, енді өзінің паранойялық сыртқы саясатымен қайтадан өз газын Ресей мен Украинаға сата бастады. Ал бұл елдердегі мұнай-газ және өзге де энергия бағасы әлемдік деңгейден әлде қайда төмен, - дейді талдаушы.

Ал Қырғызстан болса, батыстан гөре шығыстағы Қытаймен болар сауда байланысын абзал көріп отыр. Бұл арада, Мағриб елдері Еуропа Одағымен өзара экономикалық байланысты дамытуға бет алған.

- Орта Азия елдеріндегі бұрыңғы коммунист басшылар бірден өзгеріп Міне, біздер – демократтармыз деп кеуделерін соғып шыға келді. Бірақ өткен 12 жылда бұл салада олардың қолынан келгені, батыстағы бір қатар форумдарға қатысқандығы ғана. Соның өзінде, ол арадан орта азиялық ол жаңа демократтар сыналып қана қайтып жүрді, себебі Батыстың ондай етуге негізі де бар еді, - дейді Александр Ватанка.

Мағриб елдерінен бір өзгешелігі, Орта Азияда экономикалық даму мүмкіндігі жоғары. Аса үлкен аймақта, көп ұлтты, бірақ аз санды халықтар тұрады.

Өкінішке орай, Мағриб елдері сықылды, орта азиялықтар, әзірше, алға жылжу үшін қажетті ынта-жігер, белсенділік таныта алмай отыр, - дейді талдаушы.
XS
SM
MD
LG