Accessibility links

Қазақстанда соңғы екі тәулікте кездейсоқ жағдайлардан он адам мерт болды.


Жол апатынан 4 адам, өрт салдарынан 2, қылмыскерлердің қолынан 4 кісі мерт болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі Істер Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Желтоқсанның 21-інде республика бойынша 314 қылмыс тіркелді. Республика бойынша 19 өрт оқиғасы тіркелді. 2 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Кеше ел аумағында 4 адам қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Жамбыл облысы аумағындағы Ташкент – Алматы күре жолының 545-ші шақырымында ірі жол апаты орын алып соның салдарынан 4 адам мерт болды. 8 жолаушы әртүрлі деңгейдегі дене жарақатымен ауруханағажеткізілді. Желтоқсанның 21-інде республика бойынша 30 жол көлік оқиғасы тіркелсе, соның салдарынан 36 адам жарақат алды.
XS
SM
MD
LG