Accessibility links

Баспасөз шолуы

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Мерзімді басылымдарда, желтоқсан оқиғасына тарихи баға берудің неге кешеуілдетіп жатқандығы туралы және тағы да басқа саяси, әлеуметтік, тақырыпқа арналған мақалалар жарық көрген.

“Қазақ елі” газетінің соңғы санында жарық көрген Қалбай Әділдің мақаласында желтоқсан оқиғасына тарихи баға берудің неге кешеуілдетіп жатқандығы туралы мәселе көтеріліпті. Мақала авторының айтуынша, тарихшылар желтоқсан оқиғасына кесімді баға беруге асығып отырған жоқ көрінеді. Мұның себебін Қалбек Әділ қазақ зиялыларының жасқаншақтығымен байланыстырып өткен. “Михаил Горбачевті жамандап, өзіміздегі Камалиденов пен Елемесовты әкесін танытып тұздықтаумен істің бітпейтіндігін тілге тиек ете келіп, бұл оқиғаға тарихи үкім шығару үшін оларды соттап, қамаудың шарт емес екендігін сөз қылады. “Екі мәрте комиссия құрылып, түбіне жете алмаған бұл істің саяси қорытындысын шығаруды болашақ ұрпақ еншісіне қалдырып отырған жайымыз бар” дейді мақала авторы. Сондай-ақ Қалбай Әділ өз мақаласында билік басында отырғандар күні кеше желтоқсаншылардың Республика алаңын Желтоқсан алаңы деп атау, уәдесінің сағыздай созылып келе жатқандығын, сол алаңдағы ескерткішті аяқтау туралы өтініштің аяқсыз қалып отырғандығына да тоқталып өтеді.

“Начнем с понедельника” апталығының 23 желтоқсан күнгі санында экс-премьер, әрі “Отан” партиясының бұрынғы басшысы Сергей Терещенко оқырмандардың сауалына жауап берген. “Менің ата-анам да зейнетаақымен ғана күнін көріп жатыр”, деген Сергей Александрович, кезінде несиелердің бәрі тегін үлестірілді деген сөздердің шындықтың ауылынан алыс жатқандығына тоқталып өтеді. “Ешкім де мемлекеттің ақшасын оңды- солды шашқан жоқ. Несие беру үшін кезінде арнайы комиссия құрылған. Міне осы комиссия үкімет берілген кепілдіктің негізінде кімге несие беру керектігін шешіп отырды. Сол кезде берілген несиелердің көбісі нәтижесін берді. Ақшаны қайтармай қойғандармен тергеу орындары шұғылданып жатыр, ал, бюджеттің ақшасының бәрі де қайтарылып жатыр” дейді Сергей Терещенко. Сергей Терщенконың келтірген деректері бойынша қазынаға әлі де ондаған миллион доллар қайтпай қалыпты.

“Жас алаш” газетінің сейсенбілік санында мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған ашық хаты жарық көріпті. Мәжіліс депутаты Қазақстан Президентіне жазған хатында Алматы қаласының 150 жылдық мерекесін тойлаудың дұрыс шара емес екендігін атап өтеді. Қазақтың көп рулары бірнеше жүздеген, тіпті, мыңдаған жылдар бойы қазіргі Алматы қаласы орналасқан Алмалы өңірін қоныстанып отыр. Алматы қаласының 150 жылдық мерекесі іс жүзінде Қазақстанның аумағын Ресей империясы тарапынан отарлаудың аяқталуын мерекелеу деген сөз. Парламенттің Алматы қаласынан сайланған 7 депутатының бәрі де билікке тәуелді, сондықтан да олар бұл мәселені Алматының 150 жылдығын мерекелейін деп жүргендердің алдында ғана емес, ел басшыларының алдында да талап ете алмайды” дейді, Ерасыл Әбілқасымов.

“Известия Казахстан” қосымшасының 23 желтоқсан күнгі санында таяу арала “НТВ Қазақстан” телеарнасының ашылатындығы туралы айтылып, осы телеарнаның ресми өкілі Евгения Доцукпен сұхбат жүргізілген. Сондай ақ газеттің осы санында жарық көрген Татьяна Абраменконың мақаласында шет ел компанияларының телекоммуникация жобасындағы үлесінің азаятындығы хабарланған. Кейбір сарапшылардың айтуынша, мұндай ахуал едәуір қиыншылықтар туғызуы ықтимал. Сол себептен де Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының мүшелері осы іске араласуын өтініп, Мемлекет басшысына хат жазыпты.

“Егемен Қазақстан” басылымының соңғы санында Қазақстан журналистерінің басым көпшілігі “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң жобасына қолдау білдіреді деген тақырыппен мақалалар топтамасы беріліпті. Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң жобасын зорлыққа тосқауыл қоятын жоба деп бағалапты. “Қолданыстағы заңмен салыстырғанда ұсынылып отырған жобаға көпшіліктің әсіресе аналар көңілінен шығатын ұғымдар, баптар мен тармақтардың енгізілгеніне қуандық”десе, облыстық “Атырау” газетінің бас редакторы Нұрлан Қабылов бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңның көптеген өрескелдіктерге тиым салатындығын тілге тиек етіпті. Мақала авторының айтуынша ұлт мүддесін көздеген әр азамат осы заңды қолдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG