Accessibility links

Колумбиядағы көтерілісшілер қыркүйек айынан бері қолдарында ұстап отырған шетелдік 5 туристі босатты.


БОГОТА: Колумбиядағы көтерілісшілер қыркүйек айынан бері қолдарында ұстап отырған шетелдік 5 туристі босатты. 1 британдық пен 4 израильдікті олар өздерімен келіссөздер жүргізген католик діні өкілдеріне берді. Босатылғандар Вальедупар қаласындағы емханаға жеткізілді. Колумбиялық көтерілісшілер қыркүйекте Сьерра-Невада тауында шетелдік 8 туристі ұрлап әкетіп, олардың бірі қашып құтылса, кейінірек екеуін өздері босатты.
XS
SM
MD
LG