Accessibility links

Қазақ спортын мадақтаушы журналистер белгілі журналист әрі жазушы С.Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы сыйлықпен марапатталады.


АСТАНА: Желтоқсанның 24-і күні Астанада қазақ спортын сипаттап жазып жүрген үздік журналистер белгілі журналист әрі жазушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайынғы сыйлықпен марапатталатын болады. Лауреаттарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылады. Сейдахмет Бердіқұлов – спорт тақырыбын игерген алғашқы қазақ журналистерінің бірі, кезінде ол “Лениншіл жас”, “Қазақстан пионері”, “Жалын” сынды басылымдардың бас редакторы болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG