Accessibility links

Алматы әуежайы желтоқсанның 30-ы күні ашылады

  • Досан БАЙМОЛДА

Алматыда жаңадан салынып біткен халықаралық әуежайдың салтанатты түрде ашылуы ақыры желтоқсанның 30-ы күні деп белгіленді. Бұл туралы желтоқсанның 23 і күні Алматы қалалық әкімшіліктің баспасөз мәслихаты хабар таратты.

Бұл хабарға қарағанда көптен кұткен Алматы әуежайының ашылу салтанатына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де қатысады екен. Сондықтан желтоқсанның 20-сына деп белгіленген осы айдағы екінші мерзім тағы да өзгеріп енді 7 күннен соң яғни желтоқсанның 30 на деп соңғы мерзім айтылып отыр. Алматы әуежайының ашылу салтанаты болатын күні Эйр Астана әуе компаниясы Алматы –Астана әуе бағытымен алғашқы жолаушыларды алып ұшпақшы.

Алматы әуежайын салу жұмысы 2000 –шы жылы басталған болатын. Алғашында 25 млн. АҚШ долларына бітеді деген бұл әужай құрылысы уақыт ұзарған сайын қымбаттай түсіп, ең соңында 52,3 млн. долларға бағаланып отыр. Алматы әуежайын салу жұмысын Алматы қалалық әкімшілікке қарасты күрделі құрылыс салу мемелекеттік компаниясы атқарды.
XS
SM
MD
LG