Accessibility links

Қырғыз президенті Асқар Ақаев Қазақстанға келеді


Қырғыз Республикасының президенті Асқар Ақаев желтоқсанның 25 і күні Қазақстанға екі күндік ресми сапармен келгелі отыр. Бұл туралы радиомызға Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау орталығының кеңесшісі Гүлмира Сұлтанәлі қызы хабарлады. Қырғыз президенті Асқар Ақаев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында әуелі екі жақты келіссөз жүріледі, одан соң екі президент Астана қаласында жаңа ғимаратта Қырғыз елшілігінің ашылу салтанатына қатысады. Асқар Ақаев Астанадағы Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады.

Қырғыз прездентінің осы жолғы Қазақстандағы сапары барысында екі ел арасындағы экономикалық және сауда қарым қатынасы мәселелері сөйлесіледі. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғыстан арасында Одақтық қатнас туралы маңызды құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр.

Асқар Ақаев өзінің Қазақ жеріндегі сапарының екінші күні Л.Гумилев атындағы Евразия Университетінде өзінің жазған «Қырғыз мемелекеттігі және Манас халық эпосы» атты кітабының тусаукесеріне қатысады. Қырғыз жағы президент Асқар Ақаевтың осы жолғы Қазақстанға жасағалы отырған ресми сапарына үлкен мән маңыз беріп отыр. Оның сапары желтоқсанның 26 сы күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG