Accessibility links

22 мың қазақстандық Ауған соғысына қатысты

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

1979 жылы желтоқсанның 25-нен 26 -сына қараған түні Совет әскері Ауған шекарасынан өтіп, басқыншылық әрекетін бастады. Қазақстан территориясынан 22 мың жауынгер аттанып, сол соғысқа қатысты. Солардың қатарында 762 адам ауған жерінен оралмай қалса, 25-сі із-түзсіз, хабарсыз жоғалып кетті. Ауған соғысы осылайша Қазақстандағы талай отбасының шаңырағына зардап әкелді.

Бүгінде ауған соғысынан мүгедек болып оралғандар, баласынан, асыраушысынан айрылғандар қасіретті соғысты Совет одағы тарапынан әділетсіз болған еді деп еске алады.

Сол соғысқа 1981-1983 жылы аралығында қатысқан, «Қара майор» деген атақпен әйгілі болған Борис Төкенұлы Керімбаев деген азаматтың басына моджахеттер бір миллион доллар тіккені бар. Ол жөнінде Борис Керімбаевтың өзі де еске алады.

Ауған соғысы кезінде Совет одағы әр тәулікте 100 миллион рубль жұмсап отырған. Сол тұста ол қыруар қаржы болатын. Бүгінде егер де ауған соғысы болмағанда Совет Одағы ыдырамас еді деген пікірлер де айтылуда. Сол соғыс одақты кедейлікке әкелді. Әйгілі саясаткер Маргаретт Тетчердің айтқанындай, Совет одағы ұдайы шығысқа ұмтылып, ауған жерінде азу тісін сындырды, дейді сол соғысқа қатысушы Әбділда Әбікен деген азамат.

Ал дәрігер Орал Сәулебай болса, ауған соғысына барудан бас тартқан. Артынан естіп білгеніндей, жаңа барған қазақ жігіттерін бір түнде бауыздап кеткенін айтады.

Ауған соғысының зардабы 25 жылға жуық созылып келеді. Ол жерде әлі тыныштық орнаған жоқ.
XS
SM
MD
LG