Accessibility links

2 ақпанда америкалық ССL Oil компаниясының Қазақстан үкіметіне қарсы жазған арызы бойынша Стокгольмнің арбитраждық институтында тыңдау басталады.


СТОКГОЛЬМ: 2 ақпанда Павлодар мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басқарушысы – америкалық ССL Oil компаниясының Қазақстан үкіметіне қарсы жазған арызы бойынша Стокгольмнің арбитраждық институтында тыңдау басталады. 1997 жылы Қазақстан үкіметі Павлодар зауыты акцияларының 87 пайызын ССL Oil-дың басқаруына беріп, ол компания, өз кезегінде, зауыттың қаржы айналымын 50 млн. долларға жеткізіп, мемлекетке 1,5 млрд. теңге бонус төлеп, кәсіпорынның 4.1 млрд. теңге берешегін өтуге міндеттенді. Алайда 2000 жылы Астана қалалық сотының үкімімен өкімен ССL Oil зауыттың басқаруынан аластатылды. АҚШ компаниясы Қазақста үкіметінен 72 млн. доллар инвестициясын қайтаруды талап етуде.
XS
SM
MD
LG