Accessibility links

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі заңмен реттелетін болады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі бұрын үкімет қаулыларымен, министрліктердің шешімдеріне негізделсе, енді заңмен реттелетін болады. Жән тамақ өнімдеріне деген талап халықаралық талаптарға және дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкестендірлетін болады. Қазақстанда тек 2001 жылы республика бойынша 760 тонна тамақ өнімдері мен шикізаты сатуға тиым салынып, оның 137 тоннасы жойылып жіберілді. Бұл туралы желтоқсанның 25-і күні өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Мырзагелді Кемел мәлім етті.

Сондықтанда Сенат қабылдаған «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» заң жобасы өмірге жолдама алып жатса, Қазақстан республикасында тамақ өнімдерінің сапасының мемлекеттік өлшемдерін реттейтін болады. Мырзагелді Кемелдің айтуынша, олар мыналар:

- Заң жобасында тамақ өнімдерін дайындау, орау, өндіру, маркалау, сақтау мен тасымалдау сату сапасымен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажетті талаптарды нақтыланған.Қазіргі кезде өзімізде шығарылатын және сырттан тасмалданатын тамақ өнімдерінің сапасын жақсартудың қажеттілігі дау туғызбайды. Өйткені, нарық экономикасына көшу кезінде тамақ өнеркәсібіне монополия жойылды. Тамақ өндірушілір саны орасан көбейді. Сырттан тасымалданатындарының көлемі артты. Ал, мемлекет тарапынан тамақ өнімдерінің сапасын және оны сатудың тәртібін бақылау төмендеді. Нәтижесінде халық тамақ өнімдерінің сапасының төмендігінен жапа шеге бастады. Тамақтан улану, олардың кесірен кейіннен пайда болатын кеселдер ұшырасуда.

Депутат Мырзагелді Кемел, елде азық-түлік қауіпсіздігінің қауіпті жағдайда екенін айтты:

- Қазақстан әлемдік сауда ұйымына кіруге белсенді кірісуде. Ол кезде сырттан келген тауар үшін қосымша салықтар жойылып, тамақ өнімдерінің тасмалдануының бақылаусыз қалу қаупі күшейеді. Азық-түлік қауіпсіздігі бізде бұрыннан қатерлі жағдайда. Енді одан әрі күрделенуі мүмкін.

Қазақстан Парламенті аталған салада кешенді заңдарды қабылдап келеді. Бұған дейін атмосфералық ауаны қорғау туралы заң қабылданса, енді ауыз су сапасы туралы заң жобасы парламентке келіп түседі деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG