Accessibility links

Ұлттық кеңесте қаралған Мәдени мұраны дамыту мәселесі


Таяуда Астанада, Қазақстан президенті әкімшілігінде Ұлттық кеңес мәжілісі өткізіліп, онда мәдени мұраны дамыту мәселесі көтерілген болатын. Үкімет тарапынан осы салаға қыруар қаржы бөлінді. Сол отырысқа қатысқан Ұлттық кеңес мүшесі , Мемлекеттік Сыйлықтың иегері , жазушы Дулат Исабек осыған орай бірқатар мәселені ортаға салды. Жазушының айтуынша, мәдени мұраны қалыптастыруда біржақтылық басым.

- Жалпы бұл Ұлттық кеңес тек қана мәдени мұраны ғана емес, көптеген сүбелі мәселені қарауы мүмкін. Осы жолы Мәдени мұраны дамытуға үш миллиярд теңге қаржы бөлінді. Бұл осы салаға бөлінген аз қаржы емес, - дейді Дулат Исабек.

Жалпы, Мәдениет министрлігіне бір жылға 1,5 миллиард теңге қаржы бөлінсе, бұл содан екі есе жоғары. Дулат Исабектің айтуынша, Мәдениетті қолдау саласында негізінен тек кітап шығаруға көп көңіл бөлініп кеткен. Әсіресе жүз томдық, он тмдық кітаптар басым. Мысалы, жүз томдық Ата-баблар сөзі дегенді онша түсіне қоймадым, дегенді айтады жазушы.

Дүние жүзінің үлкен ақыл-ой жемістерін қазақ тілінде шығару үш жылда тым асығыстық болып кетеді. Біз бір нәрсені қолға алғанда ылғи да науқаншылдыққа салынамыз. Дулат Исабек осы ойларын Президент алдында айтқан, ол қолдау тапқан көрінеді.

Сондай-ақ, қазақ мәдениетіне қатысты құнды дүниелерді орыс, ағылшын тілдерінде жариялап, өркениетті елдердің кітапханаларына тарату қажеттігін айтады Дулат Исабек.
XS
SM
MD
LG