Accessibility links

«Заречная» бірлескен кәсіпорнының уран, өндіріп өңдеудегі жоспар-жобалары

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Соңғы кезде аймақта уран өндіріп, оны өңдеу мәселесі төңірегінде әрқилы әңгімелер болуда. Осыған орай Қазақстандағы 2001 жылы тіркелген «Заречная» бірлескен кәсіпорнының бас директоры Юрий Васильевич Демихов бірқатар мәліметті алға тартты. Оның айтуынша, осы құрылған бірлескен кәсіпорынның 10 проценттік үлесі қырғыз жағына берілген. Ал негізгі 45 проценттік үлесі Қазатом өнеркәсібіне тиесілі. Сондай-ақ Ресейдің Атом өнеркәсібі министрлігіне қарасты Твэл А/АҚ 20 проц. акциясына, және тағы 15 проценті Ресейдің техснабэкспортының, сонымен қатар 10 проценті тағы Ресейдің Атомредмет, яғни сирек металдары атом компаниясына қарасты.

Бастапқы кезде бірлескен кәсіпорын құрылғанда, өндірілген барлық уран Қарабалтада өңделіп, Ресейге жөнелтіледі делінген. Бірлескен кәсіпорында жылына 500 тонна уран өндірілуі тиіс.

- Алайда жаңа акционерлер келіп, мұндағы саясат біршама өзгерді. Қазір уран кенін өндіру мәселесі ашық күйде қалып отыр. Қазақстан тарапынан уран өндірушілер , яғни Қазатомпром мен Степногорскідегі кәсіпорынға , сонымен қатар Қырғыз жағындағы Қарабалта кен-байыту комбинатына уран өндіру мәселесінде коммерциялық ұсыныстар жасау тапсырылды, - дейді «Заречная» бірлескен кәсіпорнының бас директоры Юрий Демихов.

Бұл Ресей жағының ұсынысы. Өйткені Ресей осы жобаның бас инвесторы. Өндірілген уран түгелдей Ресейге жөнелтіледі. Ал қазірше бұл жоба ашық күйде қалып отыр. Уран өндіріп, өңдеу жұмысы 2004 жылдың соңына қарай немесе 2005 жылдың басында жүзеге асырылады. Кен өндірілетін жерде 19 мың тонна уран қоры бар.
XS
SM
MD
LG