Accessibility links

Сайлау туралы конституциялық заң қандай болуы керек?


«Сайлау туралы» конституциялық заң қандай болуы керек. Қазақстан Парламенті қолданыстағы осы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуде үш түрлі нұсқаның болуынан оның қайсысы негізге алынатындығын тек келесі жылы анықтайтын болады. Желтоқсанның 26-ы күні өткен Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында осы заң жобасы бойынша біріккен жұмысшы тобын құру туралы Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың ұсынысы қабылданып, ендігі бірлескен отырыс 2004 жылдың қаңтар айының 26-ы күні өтетін болып шешілді.

Үш жобаның біреуін үкімет, екеуін депутаттар дайындаған. Алайда, «Отан» партиясының парламенттік фракциясы өз жобаларын қайтарып алып, тек ұсыныс айтумен шектелді. Ал, «Ауыл» партиясының парламенттік фракциясы өз жобаларының да талқыға түсуіне ұсыныс білдіріп отыр.

Ал, үкіметтік жоба бойынша баяндаған Әділет министрінің орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, үш заң жобасының да мақсаты сайлау процесін демократияландыру, жариялылықты қамтамасыз етуді көздейді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, аталған заң жобаларында шетелдік ұйымдардың да ұсыныстары ескерілген.

Сенаттың тағы бір депутаты Жомартқали Жексенбинов заң жобасы асығыс талқылануда деген пікірді айтты.

Депутат Әбіш Кекілбаев, заң жобасы бойынша тұжырымдамалық талықлауды жалғастыруды ұсынды, алайды бұл ұсыныс қолдау тапқан жоқ.

Сонымен, Қазақстан парламентінің қай заң жобасын таңдайтыны әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG