Accessibility links

БАҚ туралы заң жобасы мәжілісте мақұлданды


Желтоқсанның 25 і күні Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан қоғамында үлкен дау туғызған БАҚ туралы үкімет ұсынған заң жобасы депутат мырзалар тарапынан ешқандай талқылаусыз ақ оп оңай өтіп кетті. Мәжілістің 53 депутаты бұл заңды қолдап дауыс берсе, бар жоғы 5 депутат ғана қарсы дауыс берген.

Тәуелсіз журналист Сейдахмет Құттықадам бұл Қазақстандағы демократияға берілген соққы болды деп атады. Бұл заң жобасына Қазақстандағы журналистер қауымы,халық-көпшілік, қоғам тіптен халықаралық ұйымдар едейін бәрі-бәрі қарсы болды. Бірақта үкімет айтса көнгіш парламент әлі шикі, сөз еркіндігіне шектеу салатындай бұндай заң жобасын қабылдай салуы қоғамда үлкен ой туғызып отыр.

Бұл заңның қабылдануын Қазақстандағы ақпараттың таратылуына, сөз еркіндігіне қарсы жасалған шешім деп көрген дұрыс дейді Сейдахмет Құттықадам. Ал «Журналистер қауіп қатер астында» деп аталатын қордың президенті Розлана Таукина болса бұл біз күтпеген жағдай болды. Мәжілістің 53 депутаты бұл үкімет ұсынған заң жобасын ауыз ашпай мақұлдай салуында бір сыр бар болуы мүмкін. Бәлкім үкімет алдын ала парламентпен тіл табысқанға ұқсайды-дейді ол.

Розлана Таукинаның айтуынша парламент бұл заң жобасын мақұлдау арқылы журналистерді отпен өрттің арасына салып отыр. Үкімет ұсынған заң жобасы халықыаралық ұйымдар тарапынан да бұдан бұрын қатты сынға ұшырап оның халықаралық стандарттар мен демократиялық нормаларға сәйкес келмейтіндігі жөнінде талай рет айтылған болатын. Үкімет өзінің бұл шикі, шектеуі көп заң жобасын парламенттен өткізуі арқылы Қазақстанда сөз еркіндігіне, сөз бостандығына үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұл заң Қазақстандағы барлық тәуелсіз басылымдар мен оппозициялық басылымдарға қарсы бағытталып оларды жоюға арналған құрал болады дейді «Журналистер қауіп қатер астында» деп аталатын қордың президенті Розлана Таукина. Ал Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаев болса алда бұл заң жобасы алдағы уақытта Сенатта қаралады бәлкім сенаттағылар заң жобасындағы кемшіліктер мен шикіліктерді байқайтын шығар, сол үшін жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз деген ой пікірін білдірді.
XS
SM
MD
LG