Accessibility links

Босния Серб үкіметі 1995 жылы Сребреницада болған қанды қырғынды зерттеп, тергеп-тексеретін сарапшылар комиссиясын құрғандықтарын жариялады.


Српска республикасының ресмилері комиссияның міндеті - Сребереница оқиғасының барлық жай-жапсарын зерттеп, толық шындықты ашу дейді. Сребреница Боснияның оңтүстігіндегі қала, онда 1995 жылы шілденің 10-ы мен 19 аралығында 7 мыңнан астам мұсылманның ұл балаларынан бастап, еркек кіндіктілерін Босния серб әскерлері баудай қиратып, қырып тастаған болатын. Босниядағы басты халықаралық өкіл Пэдди Ашдаун комисияның алғашқы хабарламасын қаңтар айында, ал түпкілікті қорытындыны көкек айында күтетіндігін айтқан.
XS
SM
MD
LG