Accessibility links

Жазалау, өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы заңға өзгеріс, толықтыру енгізу


Қазақстанның Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түріндегі жазалау, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады

Желтоқсанның 29-ы күні өткен Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының жалпы отырысында « Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түріндегі жазалау, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды. Аталған заң жобасы бойынша баяндаған Әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосыновтың айтуынша, өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы жазаны орындау туралы заң жобасы қабылданған жағдайда ондай санаттағы адамдар жазаны ерекше тәртіптегі түзету мекемесінде өтеуі қажет.

- Қазіргі уақытта республикада ерекше тәртіптегі үш колония бар. Сондай-ақ аталғандай санаттағы сотталушыларға арналған ерекше тәртіптегі колониялар құрылысын салу жоспарлануда,-дейді Әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов.

Аталған заң жобасында қамауда ұстау сияқты жаза түрі қаралған.

- Қамауда ұстау жазасының түр,і заңдарда, арнайы мекемелдерде қамауда ұстау үйі деп қаралған. Бірақ 300 адамға дейінгі қамауда ұстау үйлерін әр облыста салуға 500 миллион теңгедей ақша қажет. Ал, республика бойынша бұл мәселеге 7-8 милиард теңгедей қаржы керек. Қазіргі уақытта мұндай қаржы бюджетте жоқ. Сондықтанда заң жобасында қамауда ұстау сияқты қлымыстық жазаны енгізу қажетті жағдай жасалғаннан кейін, бірақ 2008-ші жылдан кешіктірмеу көзделіп отыр, -деді Әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов.

Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның 17-і күні Қазақстан басшысы өлім жазасына мораторий енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осы Жарлыққа сәйкес 2004 жылдың бірінші қаңтарынан бастап өлім жазасына мораторий енгізілмек.
XS
SM
MD
LG