Accessibility links

Қалдықтарға байланысты экологиялық талаптар


Қоршаған ортаны қорғау туралы заңға қалдықтарға байланысты экологиялық талаптар бірінші рет енгізіліп отыр

Қазақстанда енді өндірістік қалдықтар қайта өңделуі ықтимал. Осы мәселені көздейтін заң жобасы желтоқсанның 30-ы күні өткен Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Заңдар және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комиетінің отырысында жұмысқа қабылданды.

Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңға өндірістік және тұтыну қалдықтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы бойынша баяндаған Қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Нұрлан Ысқақовтың айтуынша, қалдықтар мәселесі көптеген заңдарда қарастырылған, бірақ пәрменділігі төмен болып отыр.

- Биылғы жылы өндірістік қалдықтар туралы парламентте ашық сөз болған. Онда елімізде 20 миллиард тоннадан астам қалдықтар бары айтылған. Сол қалдықтарды реттеу және өңдеу мәселесін көздейтін заң жобасын енгізіп отырмыз.

Нұрлан Ысқақовтың айтуынша, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық талаптарды басқа да заңдарға енгізуді мақсат етіп отыр.

- Экологиялық тапалаптары көптеп көтеріп отырмыз. Экологиялық талаптар бұрынғы заңда болмаған. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңға қалдықтарға байланысты экологиялық талаптар бірінші рет енгізіліп отыр. Бұл қалдықтарды өңдеу және тасымалдау кезінде қандай талаптар болуы керектігі, бір сөзбен айтқанда қалдықтар қалмауы қажет, - деді ол.

Сонымен, атлағандай өзгерістер заң шығарудың сатыларынан өтіп жатса, экологиялық талаптар нақтыланып, өндірістік және тұтыну қалдықтары да кәдеге жаратылатын сыңайлы.
XS
SM
MD
LG