Accessibility links

Ирақта Болгар жасағы шығынға ұшырады.


Ирақта сенбі күні Карбала қаласында болған шабуылда 5 болгар солдаты опат болып 18-і жарақаттанды. Бұлар Ирақтағы болгар жасақтары қатарынан болған алғашқы шығындар еді. Осы шығындарға орай Болгарияда желтоқсанның 30 жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл оқиғаның Болгар үкіметінің Ираққа қатысты саясатына қаншалықты әсері болды?

Болгария Ирақта 5 солдаты шығын болғанына қарамастан өзінің Ирақтағы миссиясын тоқтатпақ емес деп жазады радиомыздың талдаушысы Валентинас Митте. Сенбі Ирақтың түстігінде жатқан Карбала қаласында болгар жасағының бекінісіне болған партизандық шабуылда 5 болгар солдаты опат болды. 18 жарақаттанды. Бұл оқиға Иса пайғамбардың туған күнін тойлап жатқан Болгарияны қатты шошытты. Болгария қорғаныс министрі Николай Свинарев дереу Ираққа аттанды. Сейсенбі күні ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Болгария осы жыл басында Ирақтағы АҚШ қол астындағы одақтастар әскері қатарына 500 жауынгер қосқан болатын. Олар Ирақтың Карбала аймағында орналасқан-ды. Соныңмен, болгар әскерінің Ирақтағы тұңғыш шығыны Болгар үкіметіне әсері қалай болмақ дегенде радиомыздың болгар редакциясының директоры Георгий Стоичев болгар басшылары Ираққа жасақ жолдаған өз шешімдерінен бұлжымақ емес дейді:

"Ирақта 5 болгар солдатының опат болуына қарамастан социялизмнен шыққан болгар басшылары Болгарияның Ирақтағы миссиясын одан әрмен қолдай түсуде."

Ирақтағы шығынға орай Болгарияда үкімет атына сын айтылған жоқ. Ирақтағы болгар солдаттарының алатын айлығы небары 60 доллар.

Лондондағы Экономика және саяси ғылымдар мектебінің маманы Яхия Саид:

"Бұл шығындарға орай олар әскер санын қысқартады деп ойламаймын. Бұдан бұрын онда украиндықтар, поляктар шығынға ұшыраған. Соған бола ол елдер де Одақтастар әскеріне қатысу саясатын өзгерткен жоқ."

Оның себебі осынау Шығыс Еуропа елдерінің бүгінгі мақсаты АҚШ-мен жақсы болу дейді бұл талдаушы. Талдаушы Саид негізінен шииттер мекендеген одақтастар әскерін қолдайтын Ирақ түстігінде бұндай шабуылдарға негіз жоқ болған еді деп біледі. Түстіктегі болгар жасағына болған шабуылдың мақсаты басқыншы күштерге қарсы күрес бүкіл Ирақта жүріп жатыр дегенді көрсету болған тәрізді дейді:

"Ирақтағы шетелдік басқыншы күштерге мейлінше қарсы топтар қарсылықтардың теріскейде ғана емес, түстікте де болып жатқаны жәйлі әсер қалдырғысы келген болар деп ойлаймын."
XS
SM
MD
LG