Accessibility links

Ирақтың суннит тайпаларының ақсақалдары татулық комитетін құрды.


Америкаға қарсы қозғалыс ордасындай Саддам Хұсейннің туған қаласы Тикритте осы аймақ рухани ақсақалдары жиналып көтеріліс басшыларын зорлық-зомбылықтарды тоқтатуға көндіруге келісті. Бұл шара америка әскерімен ортақ тіл табуға беттеген қозғалыс болып отыр.

Ирақтың Тикрит қаласында бір ерекше жиын болды. Ол суннит тайпалары ақсақалдарының Америка әскеріне қарсы шабуылдарды тоқтатуға көтеріліс басшыларын көндіру туралы бас қосуы еді. Тикрит Саддам Хұсейннің туған қаласы. Сондықтан да бұ қалада америка әскеріне қарсылық мейлінше күшті. Сада тайпасының көсемі шейх Садах Махмудтың айтуынша дүйсенбі күні 10 тайпа жетекшісі Тикритте бас қосып татулық комитетін құрған. Тайпа көсемдерінің бұл татулық комитетінің мақсаты көтеріліс басшыларын қаруды тастауға көндіру. Сол тәрізді Бағдадта бас қосқан зиялы қауым өкілдері де осы 10 тайпа көсемдерінің бастамасын мақұлдап хат түсірген. Сада тайпасының көсемі шейх Садах Махмуд:

"Кәзір біз үшін алауыздықты тоқтатып, болашаққа көз жіберетін мезгіл туды. Мен оларға өткен енді қайтып келмейді. Америка әскері осында. Американдықтар бізге не беруі мүмкін? Соны дәлелдеуге американдықтарға мүмкіндік берейік дедім".

Шейх Садах Махмудтың айтуынша тайпа көсемдерінен құрылған татулық комитеті сенбі күні құрылған. Бұндай татулық комитетінің өмірге келуі жазда суннит ақсақалдарымен американдықтардың бірігіп өткізген форумының нәтижесі. Алайда сунниттер Ирақты бұған дейін басқарып келгенімен сунниттер 25 миллион Ирақ халқының 20 пайызын құрайды. Шииттер болса американдықтармен тізе қосып жаңа Ирақ үкіметін құру ісіне білек сыбана кірісіп жатыр. Бұл сунниттерге де ой салғандай. Олар Ирақ болашағында рөл ойнау үшін басқыншы күштермен мәмілеге келудің қажет екенін түсінгендей. Сунниттердің осы тұста пайда болған татулық комитетіне АҚШ әскері зор мән беріп отыр. Шейхтар комитетінің құрылуына үлес қосқан америка әскерінің полковнигі Стив Руссел:

"Тикрит қаласы зұлымдық ордасы тәрізденіп кетіп еді, осындай жағдайда бұндай комитеттің өмірге келуі күтпеген жаңалық болды", - деді.

Комиттетте бас қосқан шейхтер кәзір Ирақтағы америка әскерімен ынтымақтасып жұмыс істей бастады. Шейхтердің ақылымен Америка әскеріне қарсы көшеге шыққан ашулы топтар таратылды. Шейхтердің ақылымен америка әскерінің қолында тұтқында отырған бірнеше кісі босатылды. Осының бәрі Ирақтағы одақтастар әскері бақыншылар емес, азат етушілер екенін дәлелдеуге тиіс деп біледі бұл шараны ұйымдастырушылар.
XS
SM
MD
LG