Accessibility links

Жер сілкінісінен жермен-жексен болған Иран ның Бам шахары екі жыл ішінде қайтадан тұрғызылады,-деп бүгін Иран елбасы Мұхамет Хатами мәлімдеді.


Оның айтуынша, бұл тарихи мекен Иран картасынан жоғалмауы тиіс. Жұма күнгі жер сілкінісінің құрбандары бүгін 28 мыңға жетті. Құтқарушылар тірі қалғандарды азық-түлік пен сумен уақытша баспанамен қамтамасыз етіуде. Иранға күллі әлемнен қайрымдылық көмегі келіп жатыр. Парсы шығанағы елдері Иранға жәрдем ретінде 400 миллион доллардың қаржысын бөліп отыр. БҰҰ-ның хабарлауынша, донор елдер Иранға дәл қазір 6 миллион доллардың ақшасын берген, бірақ бұдан әлде қайда көп қаржы керек.
XS
SM
MD
LG