Accessibility links

Қазақстан Иранға қайырымдылық көмек тиелген ұшақ жөнелтпекші.


Бүгін, бұл жайында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұртазо Саффари мәлімдеді,-деп хабарлайды Kazakhstan today. Саффаридің айтуынша, Тегеранның көмек сұраған үндеуіне әлемнің 50-ден астам елі жауап қатқан. Зілзала құрбандарына қолұшын беруді ұйғарған көптеген елдер құтқарушылар мен дәрігерлерін жолдаса, кейбір елдер төтенше оқиға аймағына қайырымдылық көмектер жөнелтуде. АҚШ тарапынан Иранға көрсетілген көмек туралы сауалға жауап берген М.Саффаридің айтуынша, АҚШ-тағы Иран диаспорасы ауқымды қолдау көрсетіпті. Әйтсе де, Вашингтон тарапынан да үлкен көмек көрсетіліп жатыр, біз сол үшін АҚШ-қа дән ризамыз деді елші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG