Accessibility links

Бокстан өткен Ресейдегі халықаралық турнирден Қазақстан құрамасы олжалы оралды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бокстан Қазақстан құрамасының екінші құрамы Ресейдің Серпухово қаласында өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс жүлдені қанжығалап, елге олжалы оралды. Финалдық жекпе-жектерде өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарына дес бермей басымдылық танытқан алматылықтар Ержан Жақсылықов пен Юрий Чернобровкин және Евгений Гавриленколар алтыннан алқа тақты. Ал 75 кило салмақта Ержан Жілікбаев күміс жүлдені еншіледі. Қаңтар айының 11-нде бокстан Азия біріншілігі басталады. Бұл турнирде Олимпиадаға берілетін алғашқы жолдамалардың тағдыры шешілмек. Қазір осынау жауапты сәтте намысты қолдан бермеу үшін Қазақстан құрамасы тынымсыз жаттығулар өткізуде.
XS
SM
MD
LG