Accessibility links

Әлі күнге дейін қалбырланған сүттің 98 пайызы импорттық тауарлар есебінен қамтылып келеді.


«Мал өнімдері корпорациясы» -ның президенті Керімжан Бижановтың ҚазАқпаратқа айтуынша, ішкі базардағы ет өнімдерінің көлемі 759 мың тонна болса, сүт өнімдері – 4,1 млн. тонна шамасында бағаланып отыр. Өкінішке орай қайта өңдеу өндірісінің дамуы өз деңгейінде болмағандықтан азық-түлік өнімдерін қайта өңдеуге деген сұраныс импорттың есебінен толық қамтылуда. Статистика агенттігінің мәліметі бойынша шұжық өнімдерінің 42 пайызы, қалбырланған ет өнімінің 64 пайызы, құс етінің 48 пайызы, қалбырланған сүттің 98 пайызы, сары майдың 60 пайызы, құрғақ сүттің 58 пайызы импорттық тауарлар есебінен қамтылып тұрғанын айта кету қажет.
XS
SM
MD
LG