Accessibility links

Жамбыл обылысы әкімі Серік Үмбетов бұл обылыстан шығып үлкен табыстарға жеткен спортшылармен кездесті.


Олардың арасында боксшы Серік Қонақбай, Яровенко, Байрамқұлов және басқа әйгілі спортшылар бар. Оларға диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жаңа жыл қарсаңында сондай-ақ, Шымкенттік өрт сөндірушілері 9 су жаңа көлікке ие болды. 40 шақты мәшиненің жұмыс істеп келе жатқанына 35 жыл болыпты. Ал, Ақтөбе обылысының әкімі ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілеріне 30 мың теңгеден үлестіріпті. Дегенмен, Жаңа жыл қарсаңында ең тамаша сыйлыққа Оңтүстік Қазақстандағы маймылдар ие болар екен. ҚазИнформ агенттігі хабарларына қарағанда, аюанаттар бағындағы маймылдар бүгін кешке 100 грамнан қызыл вино ішер екен. Ал, ол дәстүурдің өз тарихы бар. 90-жылдары Шымкентте болған жылу, электр қуаты тапшылығы кезінде, тоңып қалмауы үшін маймылдарға шарап, яғни вино беру әдетке айналыпты. Қазір Шымкентте ауа жылы екен. Бірақ маймалдар винодан бас тартпайтын сыяқты. Шәйнекпен берілетін вино шамадан асып кетпесе керек.
XS
SM
MD
LG