Accessibility links

АҚШ: Әуе жолдарындағы жаңа сақтық шаралары


Егер сіз бұдан былай Америкаға ұшатын болсаңыз ұшақ ішіндегі орындықта жаныңызға келіп мұздай қаруланған бір әскери адам отырып жатса одан шошымауыңыз керек. Өйткені АҚШ үкіметі ендігі жерде террористермен аспанда да шайқасу үшін Америкаға келетін шетел ұшақтарының бәрінің де бортында қарулы күзет болуы керек деген тәртіп орнатты.

"Бұл дегеніңіз әуе жолдарындағы бүгінгі халықаралық қатерлерді мойындау деген сөз. Біз бұл шараны болашақта қарастыруымыз керек", - деді дүйсенбі күні АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Том Ридж.

Соныңмен АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі шетел компаниялары АҚШ –қа келетін кететін ұшақтарын егер терроризм жәйлі сезік туар болса қарулы күзетпен қамтамасыз етуі қажет деген тәртіп орнатты. Бұ шара 2001 жылы 11-шы қыркүйекте орын алғандай болашақта террористердің ұшақтарды шабуыл құралы ретінде пайдалануына тосқауыл қою үшін қажет делініп отыр. АҚШ мемлекеттік департментінің өкілі Адам Ерели:

"Біздің қатерлі мезгілде өмір сүріп жатқанымызды әлем мойындайды деп ойлаймын. Сол басы ашық қатерлерден азаматтарымызды, біздің өмір сүру тәсілімізді қорғау бәріміздің парызымыз."

Әуе қатынасында АҚШ үкіметі қолға алған бұ қадамды Ресей, Британия, Мексика бірден қолдады. Голландия өз ұшақтарын аспанда күзетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастыруда. Бритіш аирлайнестің ұшқыштар ассоциясының хатшысы Джим Магауслан ұшаққа қару енгізу арқылы бір қатерді азайтып екінші қатерді көбейтеді деп біледі :

"Біздіңше біз террор қатерін азайтуымыз мүмкін, бірақ, өзге бір ұшақ қауіпсіздігіне төнетін қатерді көбейтуіміз мүмкін".

Осы ойды "халықаралық әуе жолдары" журналының редакторы Давид Лермонт одан әрі дамыта түседі:

"Олар, террористер, енді ұшаққа отырғанда алдымен ұшақ ішіндегі қарулы кісінің қаруын тартып алуды көздейтін болмақ".

Сөйтіп, террористер ұшаққа құр қол отырып іштегі күзеттің қаруын тартып алып өз қаруын өзіне қарсы жұмсауы мүмкін. Бұл шара әуе қатынасы қауіпсіздігіне бұрынғыдан бетер зиян келтіреді дейді талдаушы.
XS
SM
MD
LG