Accessibility links

Оралмандардың Астанаға қоныстану мүмкiндiгi шектелiп қалды


Тұрмыс қымбатшылығына қарамастан Астана қаласы оралмандар үшiн тартымдылығымен ерекшеленедi. Көшi-қон және демография жөнiндегi қалалық басқарма бастығының орынбасары Қанат Ержановтың айтуынша, 2003 жылы Астанаға квота бойынша ғана 93 отбасы, яғни, 472 адам келген. Олардың барлығы үймен, пәтермен қамтамасыз етiлген.

“Бүгiнгi таңда Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2004 жылдың квотасы бойынша жұмыс iстелiп жатыр”,--дейдi Ержанов мырза. Бiр айта кетерлiгi, келесi жылы шет елдерден Астанаға мемлекеттiк тiзiммен қоныс аударатындар тiзiмi былтырғыға қарағанда әлдеқайда қысқа. Ұзын саны алпыс отбасынан аспайды.

Олар кем дегенде орта дәулеттi болуға тиiс. Өйткенi, “2004 жылғы республика-лық бюджет туралы” заңның 27 бабы бойынша мемлекеттiк квотаға алынған әрбiр оралманға 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде қаражат берiледi. Яғни, квотамен келген оралмандарды мемлекет есебiнен баспанамен қамтамасыз ету тоқтатылып, оның орнына отбасының әрбiр мүшесiне 600 АҚШ доллары төленедi. Мысалы, 4 кiсiден тұратын бiр отбасына 1800 доллар тиесiлi. “Бұл ақша Астанадан баспана алуға,әрине, жеткiлiксiз. Қалғанын оралманның өзi қосуына тура келедi. Арты қалай боларын бiлмеймiн”, -- дейдi Қанат Ержанов.

Астана елорда болғалы мемлекеттiк квотамен келiп, тұрақтаған оралмандар саны 2298 адамға жетiптi. Олардың барлығының да мемлекет қаржысымен алынған үйi, пәтерi бар. Кейбiреуiнiкi тар, ендi бiрiнiкi ескi болса да, баспанасы барлығына және ертерек қоныс аударғандарына шүкiршiлiк етедi.

Ал тұрғын жай мәселесi 2004 жылдан бастап келетiндер үшiн үлкен қиындық туғызабақ. Мәселен, салынғанына 25-30 жыл болған, жалпы ауданы 44 немесе 47 шаршы метрлiк ескi үлгiдегi пәтер Астанада шамамен 25 мың доллар тұрады.

Алдағы жылғы квота бойынша ел ордаға негiзiнен өзбекстандық және ресейлiк қазақтарды қоныстандыру көзделiп отыр.
XS
SM
MD
LG