Accessibility links

Ауған жетекшісі Хамит Қарзай қайтадан өзіне президенттік кең көлемді мүмкіндіктердің берілуін сұрады, оның айтуынша, бұндай шексіз биліксіз ол елді қалпына келтіре алмайды.


Үш аптадан бері ұлтық құрылтай Лойя Жырғаның мүшелері ұлттар мен ұлыстар арасындағы тартыста бір мәмілеге келе алмай отыр. Пуштун Қарзайға тәжіктер, өзбектер және хазаралардың көсемдері қарсы тұр, олар елбасы билігіне таразы басын тең ұстау үшін бас министр мен күшті парламенттің құрылуын қалайды. Ата заң жобасы осы аптаның соңына шейін бекітілуі керек деп, бүгін Қарзай мәлімдеме жасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG