Accessibility links

Қазақстан Экономикалық жаңалықтары.


2004 жылы Амангелді газ кенішін игеруге салынатын инвестициялар көлемі 80 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды. ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы Үкімет мәжілісінде үкіметбасы Даниал Ахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, келесі жылы аталмыш кеніштің бірінші нұсқадағы игерілімі аяқталады. Үкімет басшысының айтуынша, елде экономикалық өсім 9,2 пайызды, еңбекақы өсімі 7,6 пайызды, ал өнеркәсіп өнімдерінің өсу көлемі 8,5 пайызды құрайды деп есептеліп отыр. Өндірістік салада құрылымдық өзгерістер орын алып, соның ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының үлесі 43 пайызды құрағанын айту керек. Ағымдағы жылы негізгі капиталдағы инвестиция 10 пайызды құрап, жүк тасымалы 9,5 пайызға өсті. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасына сай 2004-2005 жылдары инвестициялық жобаларды қамтамасыз ету Республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлу көзделген. Сонымен қатар, шағын кенттердің маңызды тіршілік көздері болып саналатын нысандарына 2004-2005 жылдары облыстық бюджеттен 900 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу де қарастырылған.
XS
SM
MD
LG