Accessibility links

Президент Н.Назарбаев отандастарына Жаңа Жылдық құттықтауын жолдады.


ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев өз отандастарын Жаңа 2004-жылмен құттықтап, елдегі игіліктер мен экономикалық табыстарға тоқтала келе, зор денсаулық, бақыт, өзара түсіністік, ынтымақтастық тіледі. Өткен 2003-жыл несімен есте қалады? ЕуроАзия кіндігі, ҚР астанасы Астанада қыргүйектің 23-24 күндері әлем дінбасыларының Құралтайы өтті. ҚР президенті жариялаған Ауыл жылының үштен бірі аяқталды. Ұлттық валюта – Қазақ теңгесіне 10 жыл болды. Теңге тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылық кепілі бола білді. Жер кодексінің қабылдануы алдынан Үкімет алмасты. Қазақстан халықтары ассамблеясының оныншы сессиясында президент Назарбаев мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасын мақұлдады, және өзге де аса маңызды шаралар іске асты.
XS
SM
MD
LG