Accessibility links

Иранның Бам қаласында кеше қаңтардың 1і күні зілзаладан қаза тапқан азаматтардың рухына арнап құран оқылды.


Бамдағы қираудан аман қалған мешіттердің бірінде Иранның бұрыңғы президенті Рафсанжани мархұм болғандарды еске алу сөзін айтып , Бам қайтадан құрылады, бұрыңғыдан да әсем қала дүниеге келеді, деді. Ресми мәліметтерге қарағанда, 30 мыңнан астам адам қаза тапқан. Апаттан аман қалған 40 мыңдай кісі далада, шатырларда суық жағдайда тұрып жатыр. АҚШтың уақтынша алған экономикалық санкциясын Иран басшылығы дұрыс қабылдады. 30 елден келген 1500дей құтқарушы топтары арасында АҚШтан да 80 көмекші бар. 1979-жылғы Иран төңкерісінен кейін, орын алған АҚШ-Иран текетіресінен соң бұл американдықтардың бұл елге алғашқы ресми сапары. Ал бұл арада, кеше бейсенбіде, қыйранды астында қалған екі кісі аман табылды. Өткен бір тәулікте Бам қаласында 30 рет жер сілкінген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG