Accessibility links

Мысырлық “Боинг-737” ұшағының апаты құрбандарының денелерін іздестіруге Франция Қызыл теңізге әскери кемесі мен суасты аппаратын аттандырды.


ПАРИЖ: Мысырлық “Боинг-737” жолаушы ұшағының апаты құрбандарының денелерін іздестіру мақсатында Франция Қызыл теңізге әскери кемесі мен су астында жұмыс істейтін автоматты аппаратын аттандырды. Ұшақта отырған 148 кісінің барлығы опат болды, олардың 133-і – Франция азаматтары. Әзірше 60 адамның мүрдесі ғана табылды. Ұшақтың сынықтары 800 метрден 1 мың метрлік тереңдікте жатыр. Қара жәшіктер әлі де аңғарылған жоқ.
XS
SM
MD
LG