Accessibility links

Қазақстан президенті Н.Назарбаев қаңтар айында ресми сапармен Сауд Арабиясына барады.


АСТАНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаев қаңтар айында ресми сапармен Сауд Арабиясына барады. Өткен сенбіде Қазақстанның осы патшалықтағы елшісі Асқар Мусинов “Әл-Джазира” газетіне осылай деп хабарлаған. Сапар барысында Н.Назарбаевтың Саудия патшасы Фахдпен және елдің басқа да басшыларымен кездесуі жоспарланып, екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелері, Таяу Шығыстағы ахуал және басқа да халықаралық тақырыптар талданбақ. Өз әңгімесінде қазақ елшісі Сауд Арабиясынан Қазақстандағы ислам орталықтарын құруға бөлінген қаржылай көмекке ерекше атап өткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG