Accessibility links

Биыл Қазақстанның әскери теңіз күштері соғыс кемелерімен қаруланып, толыққанды әскери құрылымға айналмақ.


АҚТАУ: Биыл Қазақстанның әскери теңіз күштері толыққанды әскери құрылымға айналмақ. Республиканың қорғаныс министрлігі теңіз күштерін дамытудың бағдарламасын (концепциясын) әзірлеп қойған. “Хабар” агенттігінің хабарлауынша, соғыс кемелері Ақтау теңіз портында шоғырланбақ. Кейінірек оларды Каспийдің қазақстандық жағалауындағы 4 шығанаққа орналастыру көзделуде. Қазір негізінен теңіз бетіндегі мұнай мұнараларын күзетумен, заңсыз балық аулаушылар мен контрабандистерге қарсы күреспен айналысқан теңіз күштері құрамында таяу болашақта теңіз жаяу әскері, жағалаудағы артиллерия мен әскери флотилия болмақ.
XS
SM
MD
LG