Accessibility links

Мәскеудегі Достық университетінде африкалық студенттер қазір де оқиды, бірақ төлемақы мәселесі бар

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Мәскеудегі Патрис Лумумба университетінде қарашада болған өрт бұл оқу орнын тағы да кезекті рет бүкіл әлемге әйгіледі. Ол өрт апатынан шетелдік 42 оқушы қаза тапты. Университет Совет Одағы құлағалы онсыз да өзінің ежелгі атақ-абыройынан айрыла бастаған еді.

Жатаққана барлық елде бір-біріне ұқсас. Қағаз, кітап, асқана, кір жуатын бөлме, әр бөлмеден таралар саз әуені дегендей.

Қазіргі кезде Патрис Лумумба университетінде Африка, Азия жане Латын Америкасынан 4 мыңдай студент оқиды. Сондай-ақ, бұрыңғы советтік аймақтан да шәкірттер бар. Олардың барлығына ортақ нәрсе - ата-ана, туған жер, өскен ел сағынышы. Семестр өткен сайын тым болмағанда жарты жылда бір рет елге барып қайтуға барлағының да қалталары көтере бермейді. Бірақ өзге бір мәселе, совет одағы тарағалы баяғы советтік интернационализмнің орнына ұлтшылдық, ксенофобия өршігендей. Оған Ресей парламентінде көтерілген патриоттық мәселелер де өз үлесін қосқандай.

Чад елінен келген студент Хусу Колбассияның айтуынша, жатаққанадан оқу ғимаратына ол әдетте әупірімдеп қорқа-қорқа жетер екен. Олардың негізгі міндеті - жалғыз жүрмеу, әрқашан абайлап, жан-жағына қарайлап жүру.

- Таң ертең бірге тұрып, бірге жолға шығамыз. Кемінде онымыз бірге жүреміз, бірге қайтамыз, - дейді Хусу.

Хусу 1999-жылы келген күні-ақ орыс тақырбастарының таяғына жығылған, тоналған. Содан бері талай нәрсені көрді, үйренді.

- Мен ұйқтаған кезде де, әсіресе бар құжаттарымды өзіммен бірге алып жатамын. Жолдан өтерде де қорқамын. Себебі полицияның өзі сабады емес пе. Қысқасы , Ресейде жүріп бостандық , еркіндіктің не екенін жақсы түсінесің. Әйтеуір, түрмеге түспесем екен деп жан ұшырып жүреміз, - дейді Хуса.

Адам құқықтары ұйымдары нәсілшілдік шабуылдардың талайын тіркеген. Африка елдерінің елшіліктері бұл мәселеге орай Ресей Сыртқы істер министрлігіне неше рет шағым да жасаған. Бірақ шет елдік студенттер ұйымының жетекшісі Габриель Кочофаның айтуынша , нәтиже жоқтың қасы. Әр ай сайын Мәскеудегі африкалық студенттер он ретке дейін таяқ жейді. Сондықтан олар жатаққанадан шықпауға әрекет жасайды, дейді ол. Бірақ Габриельдің айтуынша, жатаққанада да тыныштық шамалы. Оның Абду есімді досын жатаққана алдында өлтіріп кеткен.

- Абду Гвинеядан келген болатын. Ол жатаққанада күзетүші еді. Бір күні, еден жуушы әйел таң ертең келіп есікті ашқанша күтіп қалғандығына орай, оның балалары келіп, Абдуды сабап өлтірді, - дейді Габриель.

Коридордің бір шетіндегі асқанада бір кезде 30 адам тамақ әзірлеуі керек, ал ондағы газ плитасы біреу-ақ.

Хусудың әкесі ұлының Мәскеуде оқуын армандап осы араға жіберген. Ал Ресейдегі ксенофобия - кісі жеккөрушілігі жөніндегі әңгімеге ол тіптен сенбейді екен. Міне енді, қарашада болған алапат өрттен кейін оның арманы түс көргендей өзгере түскен. Бір түнде Африкалық және Азиялық 42 адам өрттен өлгенде қалай ғана ол елге барғың келеді.

- Сусыз жүретін өрт сөндіруші де болар екен-ау. Оларға осыншама шет елдік оқушының өлімі түк тұрмайтындай, өртеніп жатқан жалынға қарап шылымын шегіп тұрды ғой олар, - дейді эфиопиялық студент Белиху.

Мәскеулік ресми орындар ол өртті электрден болған десе, студенттер ол өрт қолдан әдейі жасалған дейтін көрінеді. Себебі ол жатаққанаға кім көрінген кіріп-шығып жүре берер екен. Ал ол алапат өрттен кейі 4 күн өткенде бір топ орыс тақырбасы сол шет елдіктерді университеттің аумағында сабапты. Төзімі таусылғандары бәрін тастап елдеріне қайтыпты. Кейбіреуі қорғану үшін күрес, төбелес тәсілдерін үйрене бастапты. Белихудың айтуынша, ол Мәскеуде қалып оқуын бітірмек. Себебі , Ресейде батыс елдерімен салыстырғанда оқу бәрібір арзандау.
XS
SM
MD
LG