Accessibility links

Лойа Жырға кеңесінде келісім табылмай жатыр


Ауғанстан Лойа Жырға кеңесі конституция жобасы қақында келісім таба алмай жатыр. Ақылдастар кеңесінің төрағасы Сибғатұлла Мойаддиди дау бүгін басылмаса қолымыздан түк келмегін мойындап, тарқағанымыз жөн деді. Президент Хамид Қарзай болса, біз тұрмақ Еуропа елдірі конституциясын бес жыл қабылдай алмай жатыр, сондықтан бір ай отырсақта әр азамат мойындайтын негізгі заңды қабылдағанымыз ләзім деді. Ендігі даулы мәселенің бірі – Ауғанстанда өзбек тілін пуштун және дари тілдерімен қатар ресми тіл деп мойындау ұсынысы. Бір топ жоғары басшыға қос азаматтықты рұқсат ету ұсынысы да дау туғызды.
XS
SM
MD
LG