Accessibility links

Грузияда бүгін жаңа президент сайлануға тиіс


Ресей, Америка Құрама Штаттары сайлау әділ өтеді деп үміт айтты. Грузияның бұрынғы президенті Эдуард Шеварнадзе қараша айында парламенттік сайлау әділ өтпеген соң оппозицияның талабымен кеткен. Ендігі үміткерлердің алдында Шеварнадзені кетіргендердің басшысы Михаил Саакашвили келе жатыр. Сайлаушылардың кемінде 50 пайызы қатысса сайлау жарамды деп танылады. Михаил Саакашвили Ресей қолдауымен Грузиядан бөлшектенген Оңтүстік Осетияға кеше аяқ астынан сапар жасады. Оңтүстік Осетияда 1990-шы жылдардың басында азаматтық соғыс болғалы бері Тбилисиден мұнда бірде-бір жоғары басшы әлі аяқ баспапты. Михаил Саакашвили Оңтүстік Осетия халқын сайлауға қатысуға шақырды, президент болсам Грузия тұтастығын қалпына келтіремін деп айтты.
XS
SM
MD
LG