Accessibility links

Бам қаласында 97-жасар кемпір аман есен табылды


Иранның Бам қаласында жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінділірдің астынан кеше 97-жасар кемпір аман есен табылды. Шарбану Мазандари деген қария арнаулы үйретілген иттердің арқасында құтқарылды. "Мені Құдай сақтады, дүниенің тұтқасы мен тағдырды белгілейтін қалам Құдайдың құдіретті қолында", деп өлеңдетті ажалдан қалған Шарбану Мазандари. Адам баласының сегіз тәуліктен кейін үйіндінің астынан табылуы таңқаларлық жағдай. Бам қаласында жалпы 30 мыңнан астам адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG