Accessibility links

Қазақстандықтардың Грузиядағы президент сайлауы туралы пікірлері

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

4 желтоқсан, жексенбі күні Грузияда президент сайлапуы өткені мәлім. Осы бір саяси оқиғаға құлақ түрген қазақстандывқтар да «Азаттық» радиосына хабарласып, өз пікірлерін айтуда.

Солардың бірі радионың тұрақты тыңдарманы Хайролла Адамұлы:

- 36 жасар азамат президенттік сайлауда 80 проценттің үстінде дауыс алғаны мәлім болды. Ол өзі қарапайым азамат, еш күзетсіз, халықпен қоян-қолтық араласып, еркін жүргенін теледидардан көрдік. Бұл сайлау кешегі ыдырап кеткен ТМД елдеріне үлгі. Әрине, Грузияда проблема көп. Соның бәрін ақылмен, оң шеше алады-ау деген үмітте қалдық.

Осы сайлауды жіті қадағалап, назар аударып отырған тағы бір азамат Абдолла Әбукен былай деді:

- Бұл сайлау өте таза өтті. Дауыс беретін жәшіктер совет олағындағыдай маитамен орап тасталмаған, мөлдір. Демократияның ашық түрі байқалды. Мәңгілік ештеңе жоқ, бәрі ретімен уақыты келгенде ауысып отыруы керек, - деді.

Ал осыдан бір жарым ай бұрын Грузиядағы сайлауды бақылауға қатысып қайтқан саясаткер Дос Көшім сайлау толық әділетті өтті деп айта алмаймын. Михаил Саакашвилидің 85 проценттен артық дауыс алғандығы таң қалдырады дейді. Дегенмен, қарапайым бір шындық, сол жердегі президенттік орыннан үміткер Саакашвилимен қатар түсетін адам байқалмайды. Бұл әшейін, демократия үшін, балама үміткерлер болсын деген оймен басқа да кандидаттарды қосып қойғанын көрсетеді. Олардың саяси деңгейі президенттікке келмейді. Сондықтан да Саакашвилидің 85 проценттен артық дауыс жинағаны белгілі. Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің жетекшісі Дос Көшімнің берген бағасы осындай
XS
SM
MD
LG