Accessibility links

Израильдың Әділет министрі Иосиф Лапид, Иордан дариясының батысындағы “қауіпсіздік дуалы “ атты бекіністің құрлысын сынады.


Лапидтың айтуынша, Израиль апартеид кезіндегі Оңтүстік Африканың кебін киіп, халықаралық оқшаулауға ұшырауы мүмкін. Әлемнің көптеген елдері мен халықаралық ұйымдарының мәлімдеуінше, Иордан дариясының батыс жағалауында дуал салу нәтижесінде біршама палестин жерлері басып алынатын болады. БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Гаагадағы Халықаралық сотқа шағым түсіріп Израильдың тірлігін халықаралық заң тұрғысынан қарауды ұсынды.
XS
SM
MD
LG