Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті президент сайлауы – Грузияның демократия жолындағы үлкен қадамы болды деп мәлімдеуде.


ТБИЛИСИ: Бастапқы қорытынды бойынша, Грузиядағы президент сайлауында Михаил Саакашвили сөзсіз жеңіске жетті. Дауыстардың төрттен бірі есептелгенде, ол 96 пайыз дауысқа ие болды. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті президент сайлауы – Грузияның демократия жолындағы үлкен қадамы болды деп мәлімдеуде. Халықаралық ұйымдар мен шетелдік бақылаушылар дауыс беру өрескел заң бұзусыз өтті деп атап көрсетуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG