Accessibility links

Бағдадтың батысындағы Фаллужа қаласында кеше екі француз азаматы қаза тапты деп айтқан американдық әскерилер.


Тағы бір азамат жарақат алған. Дегенмен де генерал-майор Чарльз Сваннактың айтуынша, коалиция күштеріне қарсы шабуылдар соңғы айда азая түскен көрінеді. Ал Басра қаласында Ирақтың таратылған әскерінің солдаттары жалақы талап етіп тас лақтырған кезде полиция қару қолдануға мәжбүр болған, атыс кезінде бір адам қаза болып, үш адам жараланған. Кеше сондай-ақ Ирақтың 700-ге тарта жауынгері АҚШ бастауындағы оқу-жаттығуларын аяқтаған. Колин Пауелл Американың Ирақтың территориялық тұтастығын сақтау жолындағы міндеттемесін тағы да қайталап айтқан.
XS
SM
MD
LG