Accessibility links

«Әділ сөз» 2003-жылғы қазақстандық журналистер құқығының бұзылу оқиғаларын қорытындылады

  • Сәуле ОМАР

2003- жыл Қазақстан журналистикасы үшін қарама- қайшылықты жылдардың бірі болды.Өткен жылы елде БАҚ қызметкерлері мен олардың жанұяларына түрлі деңгейде шабуыл жасаудың 7 оқиғасы тіркелсе, журналистерге қатысты ар- ожданыма кір келтірді деген айыппен 93 азаматтық арыз- шағым сотта қаралған. Сондай-ақ, Республикалық 3 басылымның жұмысы тоқтатылыпты. Мұндай мәлімет «Әділ сөз» атты халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының өткен 2003- жылдағы Қазақстандық журналистер жұмысына сараптама жасау- статистикалық қорытындысында келтірілген. Аталған қор басшысы Тамара Калееваның айтуынша, алдыңғы 2002- жылмен салыстырғанда, 2003- жылы Қазақстандық журналистер құқының бұзылу оқиғалары саны жағынан едәуір артқан. Оның ішінде, өз кәсіби қызметін атқарып жүрген журналисті психологиялық емханаға жатқызу оқиғасы республикада 2003- жылы тұңғыш рет орын алыпты. Сонымен қатар, БАҚ құралдарының өкілдеріне шабуыл жасау әрекеттері де көбейген. Жалпы алғанда, өткен жылы 32 мәрте журналистің өз қызметін атқаруына түрлі деңгейде кедергі жасалса, басылымдардың бұқара арасында еркін таратылуына қарсы орын алған 22 әрекет тіркелген. Жалған кәсіпкерлікпен айналысып, салықтан жалтарды деген айыппен 2 БАҚ-ының өкілі істі болса, барлығы 13 журналист әр- түрлі себептермен заңды түрде қудаланған. 3 Басылымның жұмысы тоқтатылыпты. Бұл көрсеткіш 2002 – жылғымен салыстырғанда кемігенімен, журналистердің қажетті ақпараттардытиісті орындардан ала- алмау оқиғалары артқан. «Ал, 2003- жылдан ең басты есте қаларлығы БАҚ туралы заң жобасының парламентте қабылдануы болды. Соған қарағанда, үстіміздегі 2004 – жылы журналистер қызметіне кедергі жасау жағдайлары мұнан да арта түсетінге ұқсайды» дейді Тамара Калеева. Әділ сөз халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының басшысы Тамара Калееваның жоғары да айтылған пікірін тәуелсіз «Солдат» басылымының бұрынғы бас сарашысы, тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи да қолдайды. Оның пікірінше, президент қол қойған жағдайда, бұл биліктегілер үшін ұтымды заң болмақ. «Ал журналистер кез- келген ақпаратты көпшілікке таратпас бұрын, мен бұл үшін заңдық жауапкершілікке тартылмаймын ба деген ойда болады» дейді Ермұрат Бапи.
XS
SM
MD
LG