Accessibility links

«Ислам және заман» кітабының тұсаукесері

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Сәрсенбі күні Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам және заман» деген кітабының тұсаукесері болды. Осы бір көлемді еңбекке байланысты Достық үйінде зиялы қауым өкілдері, ғалымдар бас қосып, пікірлерін білдірді.

Бұл кітап 1995 жылдан бері жазыла бастаған. Еңбек үлкен бес бөлімнен тұрады. Кітап құрылымы шағын бұлақ, жылғадан бастау алғандай, біртіндеп ұлғая береді. Еңбектің бірінші тарауы соңғы үш жылда дінге қатысты елде нендей өзгеріс жаңалықтар болды, соны қамтыған. Ал екінші тарауында Ислам өркениетіне байланысты қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде республикалық және шетел ақпарат құралдарында жасалған сұхбаттар қамтылған.

Сондай-ақ, екінші, үшінші тарауларында соңғы үш-төрт жылда Исламға байланысты Таяу және орта шығыс, Азия елдерінде өткен ғылыми конференция, симпозиумдар жөнінде айтылады.

Кітаптың төртінші тарауында қазіргі заман ғана емес, сонау орта ғасырда Ислам дінінің өркендеуіне қызмет еткен Мұхамет Хайдар Дулатидің шығармаларына тоқталады , сонымен қатар, Дулатидің осы күнге дейін еш жерде жария етілмеген атақты «Жаһаннаме» деген поэмасы басылған. Ол Берлинде табылған 1704 жылғы нұсқасы негізінде алынып отыр.

Соңғы бесінші тарауға Ислам дініне қатысты Қазақстанда істелініп жатқан жұмыстарға берген атақты ғалымдардың берген бағалары енгізілген. Кітап авторы Әбсаттар қажы Дербісәлі осыған қысқаша тоқталып өтті.

Ал академик Зейнолла Қабдолов болса: - Біз әртүрлі қоғамдық формацияда өмір сүрдік, бірталай нәрсені бастан өткердік. Бір кезде баршамыз құдайсыздар ұйымына мүше болып та жүрдік. Енді міне, құдай беріп, тәуелсіздік алғанда имандылыққа бетбұрдық, - дегенді айтты. - Бұл күнгі тұсаукесері өткізілген еңбекте осының бәрі қамтылған.

«Ислам және заман» атты кітап қалың оқырманға арналады.
XS
SM
MD
LG