Accessibility links

Григорий Марченконың қызметі жоғарлады


6-ші қаңтар күні Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес республика премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне Григорий Марченко тағайындалды. Ал бұдан бұрын бұл қызметке ие болған Александр Павлов басқа жұмысқа аусуына байланысты, қызметінен босатылған. Қазақстан Республикасы табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің төрағасы Ораз Жандосовтың ойынша, Григорий Марченконың жаңа қызметке тағайындалғанын өте жоғары бағалауға болады. Әзірге Александр Павловтың қайда баратыны белгісіз, бірақ Ораз Жандосовтың айтуынша, Александр Павлов мемлекеттік қызметте жұмыс жасамайды.

Бұл орайда Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Серікболсын Әбділдин Александр Павловтың орынына Григорий Марченконы қоюдың маңызы жоқ болатын, дегенді айтады.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстан Парламентінің мүшесі, Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы:

- Менің білуімше, президент тағайындайтын мамандарын картаның ойны сияқты ауыстырып отырады. Сол себептен президент уақыт өтісімен мамандарын ауыстырып отырады. Әрине, білімі жағынан да, қызметті игеру жағынан да Алексадр Павловты Григорий Марченкоға ауыстырудың қажеті жоқ еді. Қайта Александр Павлов шаруаны біліп қалған, менің пікірімше, үкімет жетекшісінің орынбасары қызметіне Александр Павлов қолайлы.

Ұлттық банктің бұрыңғы төрағасы, қазіргі кезде Мәжіліс депутаты Ғалым Байназаровтың ойынша, Григорий Марченконың қаржы саласында атқарған еңбегі көп.

Ғалым Байназаров, Қазақстан Парламентінің мүшесі: - Бірталай істі жүзеге асырды, деп айта аламын. Соның ішінде,банк жүйесіне дүниежүзілік стандарттарды енгізді, осыған байланысты үлкен банктар халықаралық стандартпен жұмыс жасап жатыр. Бұл үлкен жетістік, деп айтуға болады. Сосын сақтандыру мәселесі артта қалып қалып қойған еді, бірақ соңғы жылдары бұл сала дами бастады. Қазіргі кезде сақтандыру мәселесі үкімет тарапынан қолға алынып жатыр. Алайда қазіргі кезде банктан несие алу қиынға соғып отыр. Бұл орта және шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын мамандарға қиын болып тұр.

Бұл орайда Григорий Марченко тенге нығаю ағамын сақтайды деген болжам жасап үлгерді.
XS
SM
MD
LG