Accessibility links

Мекке мен Мәдине қажылық сапарына дайындалып жатыр

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Сауд Араб еліндегі әйгілі қалалар Мекке мен Мәдинеде қасиетті қажылық сапарына үлкен дайындық жүруде. Биыл да әдеттегідей, бүкіл әлемнен 2 млн.нан астам адам келеді деп күтілуде. Бірақ бір ерекшелік, ықтималды террорлық шабуылға қарсы арнайы дайындық та бар, - дейді тілшіміз.

Ислам шартына орай, әрбір мұсылман адамы өз өмірінде, кемінде бір рет, Мекке-Мәдинеге, қасиетті қажылық сапарына барып келуі тиіс.

Дегенмен, денсаулығы және қалтасы көтермейтін азаматтарға бұл парыз шарт емес. Қажылық екі аптаға жалғасады. Қалаларда және далаларда аптапты күн астында жүріп, төрткүл дүниеден келген түрлі нәсілдегі мұсылмандар өзара кездесіп, сырласады, пікір алмасады.

Лондондағы Шығыс және Африка Ислам зерттеу орталығының профессоры Абдел Халимнің айтуынша, қажылық азматтарға ерекше рухани күш-қуат, шабыт-жігер ұялатады.

- Бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы өз өмірлерінде бір рет болса да, қажылыққа баруды армандайды. Ол сапарға барғандарда бұрыңғыдан гөре ерекше сезім, рухани күш, өмірге деген құштарлық, өзгелерге деген сүйіспеншілік пайда болады, - дейді профессор.

Биыл алғашқы рет, Сауд Араб елі әкімшілігі қажылық сапары кезінде шет елдік ұшақтарды қасиетті қала Мәдинеге қонуға рұхсат беріп отыр. Ол он мыңдаған азаматтың ауырын жеңілдетпек. Ал бұрын бүкіл әлемнен келетін ұшақтар екі қала Рияд пен Джиддаға ғана қона алатын.

Қауіпсіздік сақтау күштері де ықтималды террорлық шабуылдарына қарсы сақадай сай тұр.

Өткен жылдарда батысшыл ресми адамдарға қарсы исламшыл әсірешілдер бір неше рет бомбы шабуылын ұйымдастырған болатын.

Ал, Женевадағы Қауіпсіздік саясаты орталығының директоры Шахрам Чубиннің айтуынша, қауіпсіздік мәселесі өте күрделі.

- Қажылыққа өте көп адам келетін болғандықтан террорлық әрекеттерге де мүмкіндік молаяды. Терроршы үкіметтік режимге деген өз өшпенділгін осындай сәтте пайдаланып қалғысы келеді, - дейді орталық директоры.

Чубиннің айтуынша, терроршыларды қажылықтың , Құранның қасиеттілік мәні де тоқтата алмайды. Олар егер үкімет сыбайлас жемқорлықпен былғанса онда , сол Құран қағидасына орай, біз ондай режимді жоюымыз керек деп есептейді.

Дегенмен, Лондондағы Ислам институтының қызметкері Халимнің пікірінше, егер ол терроршы мұсылман болса Қажылық орындарына жоламауы керек.

- Себебі, Қурани Кәрім бойынша, Мекке және өзге қасиетті жерлер тыныштық, қауіпсіздік орындарына айналуы қажет. Ал егер терроршылар бірер қастандық әрекетін жасайтын болса, онда бұл өздеріне қарсы үлкен үгіт-насихат соққысы болмақ, - дейді зерттеші.

Қажылықты ойдағыдай, реттеу үшін Сауд Араб елінің жоспары бойынша, әрбір мұсылман дінді мемлекет өз тұрғындарының 0.01 пайызы деңгейінде сапаршы жібере алады. Сонда мұсылман қауымы ең көп ел Индонезиядан қажылыққа жыл сайын 205 мың адам бара алар екен.

Бірақ Индонезия Сауд Араб елінен тағы да қосымша 30 мың орын сұрапты. Сондай-ақ , Ирақ өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп - 30 мың кісі жіберуге мүмкіндік алыпты. Бірақ бұл қажылыққа баруға өтініш беріп, ниеттеніп отырғандардың сегізден бір бөлігі ғана екен.
XS
SM
MD
LG